Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2 жылда рекордтық сатылым жасаған: Мустанг көлігі туралы не білесіз?
Жаңалықтар

2 жылда рекордтық сатылым жасаған: Мустанг көлігі туралы не білесіз?

13.02.2023
2 мин
0
1395

Фильм тамашалағанда көрерменнің көз алдында басты рөлдегі кейіпкерлер мен қызықты оқиғалар ғана емес, басқа да дүниелер сақталып қалады. Басқа-басқа, әсіресе балалардың ойында қалатыны машиналар. Иә, біз көрсек те байқай бермейтін көптеген фильмдер жарнамаға толы. Ал кино арқылы танылған көліктер аз емес. Соның бірі – Форд Мустанг.

- «Mustang» ең алғаш 1964 жылдың сәуірінде Нью-Йоркте өткен бүкіләлемдік көрмеде таныстырылды. Америка мен Канадада өткен көрмелерден кейін бірден жиырма екі мың данасы бар-жоғы 2368 долларға сатылып кеткен.

- Темір тұлпардың логотипінде тұлпар бейнеленген. Көп адамдар марка атауы америкалық «Мустанг» атты жабайы жылқысына байланысты аталған деп ойлауы мүмкін. Алайда мүлдем олай емес. Екінші дүниежүзілік соғысты аты әлемге танылған «P-51 Mustang» әскери ұшағына қарап қойылған. Ал ұшақ атауы сол жабайы жылқының құрметіне берілген. Америкалықтардың патриот екені соншалық, сол атау үшін де сатылым саны артқанын маркетолог мамандардың өзі хабарлаған екен.

- 1964 жылы шыққаннан бастап сатылым саны артқаны сонша, тапсырыс берген азаматтар ұзын сонар кезекте тұрған. Сол жылдың шілдесінде компания басшылығы өндірісті арттыруға бел байлап, басқа қалаларға зауыт салуға кіріскен. Шыққанына бір жыл болған көліктің 418 мың данасы сатылып, рекордтық көрсеткіш орнатқан. Бұл көрсеткіш 1966 жылы миллионға жеткен.

Мустанг көлік шығару тарихында ең әдемі, аса жылдам көлік болмауы мүмкін. Бірақ әр функцияны қамтыған бірден бір марка. Бүгінгі таңда біздің елімізде де көліктің сан түрін тізгіндегендер жетерлік. Қазақстанда Ford Mustang-тың нарықтағы бағасын анықтау үшін біз Kolesa.kz сайтын қарап шықтық. Хабарландыруда бастан аяқ 42 көлік сатылымдар тұр. 1996-шы жылдан бастап 2021 жыл арасында шығарылған темір тұлпардың ең арзаны екі миллион теңгеге дейінгі бағада болса, комплектациясы жоғарылары 42 миллионға бағаланып тұр.

Сөзімізді дәйектеу үшін біз Ford Mustang мініп жүрген жезқазғандық Қасым-Жомарт Көбейсінмен байланысқа шығып, аты аңызға айналған көлік жайлы пікірін білдік.

«Мустангты айдағанда өзінің әдемілігінен бөлек, ерекше эмоция сыйлайтыны рас. Кезкелген көлік эмоция сыйлай бермейді. Сол үшін мустангтың басты айырмашылығы оның эмоция сыйлауында айта аламын. Қазақстанда Мустанг айдаған тиімді деуге аузым бармайды. Неліктен? Біріншіден, Еліміздің жол мәселесін білесіздер. Екіншіден, мұндай көліктерді әкелуге, оның саймандарын сатуға біздің нарық әлі дайын емес екеніне тағы көзім жетті. Арнайы орталықтар жоқ. Көлігің бұзылса керек заттарды шетелден алдыртуға тура келеді. Оның өзіне бірталай уақыт керек. Сол үшін де барынша абайлап, жол ережесін сақтап жүрген жөн» -, деді Қасым-Жомарт.

Адам қолынан шыққан әрбір туынды тиісті бағасын алады. Тек авторға ғана емес, оның елі мен жеріне де атақ әкеледі. Бір көлікке лайықты ат қоюдың арқасында әлем халқы Америка туралы тағы бір тың дерекпен танысты деуге болады. Ал білім мен ғылым жетістігі адам баласын таңғалдырудан жалыққан емес.

Фото: 5koleso.ru

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл