Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2024 жылы Қазақстанда коммуналдық тарифтер 15-30 пайызға қымбаттайды. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Ұлттық эконика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.
«Коммуналдық тарифтер әр өңір, нысан, инфрақұрылымның тозуына байланысты әртүрлі қымбаттайды. Баға 15-30 пайыз көтеріледі» , – деді министр.
Қуантыровтың айтуынша, алдағы жылы электр энергиясы, газ, су, кәріз бен жылудың бағасы кезең-кезеңімен қымбаттайды.
Айта кетейік, биыл жазда электр қуаты, су мен жылу бағасы қымбаттады. Тарифтің қымбаттау себебін министр осы саладағы мамандардың жалақысын көтерумен байланыстырған еді. Ол айлығы аз болған соң, көп білікті мамандардың басқа салға бет бұрып кетіп жатқанын айтты.
Одан бөлек, Қазақстанның бірнеше өңірінде жылу электр станциялары, жылу желілері мен сумен жабдықтау жүйелері 80 пайызға тозып тұр. Қуантыров оның барлығын жаңарту керектігін алға тартты.
Тағы көру