Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2025 жылдың басынан бері 8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Жаңалықтар

2025 жылдың басынан бері 8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

25.08.2025
1 мин
0
127
Сурет: qamshy.kz

Биылғы жылдың басынан бері 8 051 этникалық қазақ тарихи отанға оралып, қандас мәртебесін иеленді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жалпы тәуелсіздік жылдарынан бері елге 1 млн 156 мыңнан астам қазақ көшіп келген.

Қай елдерден келді?

Жыл басынан Қазақстанға қоныс аударған қандастардың:

•    44,2 пайызын– Өзбекстаннан,

•    43,2 пайызын– Қытайдан,

•    5 пайызын– Түрікменстаннан,

•    2,7 пайызын– Моңғолиядан,

•   2,4 пайызын– Ресейден келгендер құрайды.

Қалған 2,5 пайызыбасқа елдерден көшіп келген.

Әлеуметтік құрылым

1 тамыздағы мәлімет бойынша, қандастардың 59,1 пайызы– еңбекке қабілетті жаста. 31,8 пайызы– балалар, ал 9,1 пайызы– зейнеткерлер.

Еңбекке қабілеттілердің ішінде:

•    15,7 пайызыжоғары білімді,

•    28,1 пайызыкәсіби орта білімді,

•    53,5 пайызыжалпы орта білімді,

•    2,7 пайызыныңбілімі жоқ.

Қоныстандыру өңірлері

Қандастар еліміздің түрлі аймақтарына қоныстанғанымен, еңбек күші тапшы өңірлер ретінде Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары белгіленген.

2025 жылға арналған квота 2 309 адамдықұраса, 1 тамыздағы жағдай бойынша осы өңірлерге 1 286 қандаскөшіп барды.

Мемлекеттік қолдау шаралары

Қоныс аударғандарға:

•  отбасы басшысына және әрбір мүшесіне 70 АЕК(шамамен 275,2 мың теңге) бір реттік төлем,

• тұрғын үй жалдау және коммуналдық шығындар үшін 15–30 АЕК(59–118 мың теңге) көлемінде субсидия қарастырылған.

Сонымен қатар экономикалық ұтқырлық сертификатыенгізілді. Ол арқылы тұрғын үй сатып алу, салу немесе ипотекалық несиеге алғашқы жарнаны жабуға 4,56 млн теңгеге дейінқайтарымсыз көмек беріледі.

Жыл басынан бері 563 қандасқа қолдау көрсетілді, оның ішінде 221 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл