Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2025 жылы Қазақстанда 900 мыңнан астам азамат тұрақты жұмыс тапты
Жаңалықтар

2025 жылы Қазақстанда 900 мыңнан астам азамат тұрақты жұмыс тапты

20.01.2026
мин
0
163
Сурет: gov.kz

2025 жылы Қазақстанда еңбек нарығын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында жүздеген мың азамат жұмыспен қамтылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 306,2 мың адам қамтылды, ал 912,8 мың қазақстандық нақты жұмысқа орналасты. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Мемлекеттік қолдау аясында субсидияланатын жұмыс орындарына 171,8 мың адам орналастырылды. Атап айтқанда, әлеуметтік жұмыс орындарында – 13,5 мың адам, жастар практикасы бойынша – 30,6 мың, қоғамдық жұмыстарға – 100,8 мың азамат тартылды. Сонымен қатар, «Күміс жас» жобасы арқылы 19,4 мың адам еңбекке араласса, «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы бойынша 7,1 мың жас маман жұмысқа тұрды. Ал «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы шеңберінде 335 адам еңбекпен қамтылды.

Кәсіпкерлікті дамыту бағытында да нақты қолдау көрсетілді. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 400 АЕК-ке дейінгі көлемде 9 239 грант берілді. Бұл шара өз кәсібін ашқысы келетіндерге жаңа мүмкіндіктер ұсынды.

Сонымен бірге, еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша 63,5 мың жұмыссыз онлайн оқытудан өтті, олардың 56,6 мыңы оқуын аяқтап, сертификат алды. «Бастау Бизнес» жобасы аясында 52 мың адам кәсіпкерлік негіздерін меңгерсе, 29,3 мыңы курсты толық тәмамдады.

Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша кәсіптік оқытуға 9 734 адам жіберіліп, олардың 7 442-сі оқу аяқталған соң жұмысқа орналасты. Бұдан бөлек, кәсіби бағдар беру орталықтарында 387 мың адам кеңес алып, өзіне қолайлы қызмет саласын таңдады.

Айта кету керек, азаматтардың нақты жұмысқа орналасқаны міндетті зейнетақы жарналарының аударылуы арқылы расталады.

Осылайша, 2025 жылы жұмысқа орналасқандардың ішінде 181 мың адам – белсенді шаралар арқылы, 254,1 мыңы – Электрондық еңбек биржасындағы бос орындар есебінен, 434 мыңы – Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы аясында, ал 43,7 мың адам орталық мемлекеттік органдар іске асырған жобалар арқылы еңбекпен қамтылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл