Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2025 жылы такси жүргізушілеріне қатысты ережелер өзгереді
Жаңалықтар

2025 жылы такси жүргізушілеріне қатысты ережелер өзгереді

14.11.2024
1 мин
1
298
Сурет: shutterstock

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ-дегі брифингте 2025 жылдан бастап жолаушы тасымалы саласында қандай өзгерістер болатынын айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Жаңа жылдан бастап агрегаторлардан тапсырыс алуға тек жеке тасымалдаушы ретінде тіркелген адамдар ғана рұқсат алады. Қайсар Сұлтанбаевтың сөзінше, Көлік министрлігімен бірлесіп, тасымалдау қызметін ұсынатын компаниялармен меморандумдарға қол қойылды.

- Меморандум аясында жүргізушілерге қойылатын талаптар күшейеді. Оған еңбек пен демалыс режимін сақтау, медициналық тексеруден өту, жолаушы және жүк тасымалы ережелерін сақтау жатады. Интернет-агрегаторлар өз қосымшаларын осы талаптарға сәйкестендіріп жатыр, ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап агрегаторлар тек жеке тасымалдаушы ретінде тіркелген жүргізушілерге тапсырыс бере алады, - деді ол.

Жеке тасымалдаушылар енді:

  • күнделікті рейс алдындағы және кейінгі медициналық тексеруден өтуге;
  • көлікті күнделікті техникалық тексеруден өткізуге;
  • сол жақтан басқарылатын техникалық тұрғыда жарамды көліктерді пайдалануға;
  • еңбек пен демалыс режимін сақтауға міндетті болады.

Егер бұл талаптар орындалмаса, интернет-агрегаторлар жеке тасымалдаушыға тапсырыс бермеуге міндетті болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Акылбек 14.11.2024
Тупизим
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл