Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2026 жылы банктер Қаржы министрлігінің құнды қағаздарынан түскен кірістен салық төлей бастайды
Жаңалықтар

2026 жылы банктер Қаржы министрлігінің құнды қағаздарынан түскен кірістен салық төлей бастайды

14.10.2025
мин
0
196
Сурет: ғаламтордан

2026 жылы банктер Қаржы министрлігінің құнды қағаздарынан түскен кірістен салық төлей бастайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

2031 жылы Қаржы министрлігі шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздарға беріліп отырған салық жеңілдіктері түгел жойылады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжіліс депутатының сауалына жолдаған жауапта айтты.

2026 жылдан бастап Қаржы министрлігінің МБҚ бойынша кірісінің 50%-ына салық салу және 2031 жылдан бастап жеңілдікті толық алып тастау енгізіледі. Бұл фискалдық шара банктердің МБҚ-ға қызығушылығын төмендетуге, ал босаған қаражатты бизнеске кредиттеуге бағыттауға мүмкіндік береді, - деп жазылған жауапта.

Сондай-ақ ол 2026 жылы Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бастамасымен банктердің кірісіне табыс салығының сараланған мөлшерлемелерін енгізілетінін еске салды.

- Бизнесті кредиттеуден түсетін кіріске 20%, тұтынушылық кредит пен қызмет түрлерінен түсетін табысқа 25% мөлшерлеме белгіленіп отыр, - деді Тимур Сүлейменов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл