Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2026 жылы мұғалімдер мен дәрігерлердің саласына қомақты қаражат бағытталмақ, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырды. Министрдің айтуынша, білім және ғылым саласына – 902 млрд теңге, ал денсаулық сақтау саласына – 2,7 трлн теңге бөлінбек. Бұл – биылғы жылмен салыстырғанда 107 млрд теңгеге артық.
Қаражат білім сапасын арттыруға, медициналық қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге және ғылыми орталықтарды дамытуға жұмсалады.
Сондай-ақ мәдениет, туризм және спортты дамытуға келер жылы 263,5 млрд теңге қарастырылған.