| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында елдегі электр энергиясының тапшылығын жоюға арналған жоспарды таныстырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Министрдің айтуынша, 2026 шамамен 2 600 МВт қуат көзін, оның ішінде жиынтық қуаты 174 МВт болатын жаңартылатын энергия объектісін қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.
Бұл нысандар Алматы (544 МВт және 557 МВт), Текелі (17 МВт), Атырау 59,6 МВт қалалары мен Қызылорда (240 МВт), Түркістан (1000 МВт) облыстарында іске қосылады.
- 2027 жылы қуаты шамамен 1 500 МВт, оның ішінде қуаты 573 МВт болатын жаңартылатын энергия объектісін іске қосу жоспарланып отыр. Ал 2028 жылы 2 000 МВт-тан астам қуат көзін, оның ішінде 245 МВт жаңартылатын энергия объектісін іске қосу жоспарланып отыр. Осылайша, 2029 жылы экономиканың электр энергиясына деген барлық қажеттілігін жауып, энергия жүйесін профицитпен қамтамасыз ету күтілуде. Бұл елдің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді, - деді Ерлан Ақкенженов.