Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
25 миллиард теңгенің салығын кімдер төлемеген?
Жаңалықтар

25 миллиард теңгенің салығын кімдер төлемеген?

11.06.2020
1 мин
0
1036

2019 жылы Ресей мен Қырғызстаннан келген жүк таситын көліктер 25 миллиард теңгенің қосымша құн салығын төлемеген. Бұл туралы қаржы министрінің орынбасары Қанат Байеділов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін сенаттың жалпы отырысында "Автомобиль көлігі туралы заңға халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыға салынды.

Отырыс барысында сенаторлар шекарадағы тауар айналымына байланысты қаржы министрлігіне сауал жолдады. Сұрақтарға қаржы министрінің орынбасары Қанат Байеділов жауап берді.

"2019 жылдан бастап, біз Ресей мен Қырғызстан шекараларында елімізге кіріп жатқан тауарларға бақылауды күшейттік. Мониторинг жасадық. Оның қорытындысы бойынша жыл бойы тауар тасымалдаушыларының мемлекетке келген шығыны - 25 миллиард теңге. Яғни Ресей және Қырғызстаннан келген тауарларға салынатын қосымша құн салығынан 25 миллиард теңге түспеген. Бұл шығынды біз анықтадық. Осы шығынды өндіру бойынша тиісті шараны қолдануды бастадық", - деді ол.

Сондай-ақ, шекарада көлік неге кептелісі неге пайда болғанын түсіндірді.

"Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында қандай жағдай болып жатқанын естіген шығарсыздар. Оның негізгі себебі, тауарды тасымалдаушылар "Ресейге бара жатырмыз" дейді. Алайда тауардың көбі Қазақстан территориясында қалып қояды. Жалпы статистикаға тоқталайын. Өткен жылы Қырғызстаннан Ресейге өтіп бара жатқан 4500 көлік елімізде қалып қойған. Салдарынан елімізге тиісті салық түспей отыр", - деді қаржы министрінің орынбасары.

Вице-министр қаржыны игеру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Біз қаржыны өндіру үшін тиісті шараны қолданып жатырмыз. Келген шығын әлі өндірілген жоқ. Алдағы уақытта оны өндіреміз деп ойлаймыз", - деп түйіндеді сөзін Қанат Байеділов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл