Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2020 жылы Қазақстаннан басқа елге 29,1 мың адам көшті. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 35,6%-ке азайған.
Мигранттардың көпшілігі еліміздің қандай аймағынан екенін, олардың білімі мен мамандығын және қай мемлекетке кеткенін Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша талдап көрейік.
Өзге елге көшкен қазақстандықтар әртүрлі өңірден әркелкі кетті. Бірақ былтыр көшкендерден Қарағанды облысының бұрынғы тұрғындары (4 106) салыстырмалы түрде көбірек. Кейінгі орында Шығыс Қазақстан облысы, онда өзге елге көшкендер саны – 3 868. Одан кейінгі орындарда Қостанай (3 347) және Павлодар (3 170) облыстары. 2 654 тұрғыны басқа мемлекетке көшкен Алматы қаласы бесінші орынға жайғасты. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысынан 2 352, Ақмола облысынан 1 935, Ақтөбе облысынан 1 620, Нұр-Сұлтан қаласынан 1 418 адам басқа елге көшті.
Көшкендер саны ең аз өңір Қызылорда облысы болды. Онда өзге елге 53 адам көшті. Аз көрсеткіштер қатарындағы келесі орындарға Түркістан (217), Маңғыстау (245) және Атырау (256) облыстары жайғасты.
Былтыр Қазақстаннан көшкен адамдардың білім деңгейіне келер болсақ, олардың 8 183-інің жоғары білімі бар. Бұл 15 жастан асқан мигранттардың жалпы санының 37,7%-ін құрайды. Сонымен қатар, кәсіптік орта білімді 7 417 (34,2%), жалпы орта білімді 4 334 (20%), негізгі орта білімді 1 746 (8%) адам елден кеткен.
2020 жылы Қазақстаннан кеткендердің 4 471-і техникалық, 2 332-сі экономикалық, 1 454-і педагогикалық, 759-ы медициналық, 541-і заңгерлік, 447-сі сәулет-құрылысқа қатысты, 230-ы ауылшаруашылық мамандықтарын бітірсе, 5 365-і басқа мамандық иелері болды.
Жансая ҚАМБАР
Тағы көру