Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Демалыс күнмен тұспа-тұс келгендіктен, салық төлеу мерзімі 2022 жылдың 1 қазанынан 3 қазанына ауыстырылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Комитет өкілдерінің мәліметінше, Салық кодексінің ережесіне сай, салық міндеттемесін орындау мерзімінің соңғы күні демалыс күніне келетін болса, онда төлем мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті: «Сондықтан, 1 қазанға дейін төлем жасай алмаған азаматтар бүгін салығын өтей алады. Өсімпұлды есептеу ағымдағы жылдың 4 қазанынан басталады».
Есептелген салық сомасын kgd.gov.kz сайтында және E-salyq Azamat мобильді қосымшасында «Алдағы төлемдер» сервисінен, сондай-ақ банктердің Homebank және Kaspi.kz (мемлекеттік қызметтер – салық – көлік және мүлік салығы- ЖСН теру) мобильді қосымшаларында білуге болады.
Салық бойынша берешектің бар не жоқ екенін e-Salyq Azamat (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы→Электрондық сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі→ЖСН енгізу арқылы тексеруге болады