Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
42 500 теңгеге өтініш беру уақыты 1 қыркүйекке дейін, яғни 31 тамыз бір реттік төлемге өтініш берудің соңғы күні.
Төлем ағымдағы жылы карантиндік шараның қабылдануына байланысты жұмысынан айырылған азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінді.
Ресми мәлімет бойынша, 2,4 млн азамат 42 500 теңге алған. Оның 2 млн 384 мыңы тамыз айында карантин шараларының ұзартылуына байланысты, 42 500 теңгенің жартысын, яғни 21 250 мың теңге алды.
Шілдеде 42 500 теңге тағайындалған қазақстандықтарға карантин режимінің ұзартылуына сәйкес 21 250 теңге автоматты түрде түсті. Ал тамыз айында алғаш рет өтінім жібергендерге 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) төленді.
Өтініштерді 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Egov.kz, 42500.enbek.kz, Тelegram-бот және банктердің мобильді қoсымшалары аpқылы өткізуге болады.
Тағы көру