Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Баспана алуға бағытталған «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының мерзімі бөлінген қаражат лимиті толығымен таусылғанша ұзартылады. Бұл туралы Қазақстан тұрғын үй салушылар қауымдастығының президенті Виктор Микрюков айтты.
Оның айтуынша, бүгінгі күнге дейін бағдарламаны іске асыруға бөлінген 1 триллион теңгенің шамамен 370 миллиард теңгесі жұмсалған.
«Бағдарламаның үш жылында банктер 30 мыңнан астам несие бөлді, бұл несиелендірудің индикативті көлемінің 37%-не сәйкес келеді», - деп түсіндіреді ол.
Осылайша, қазақстандықтар кепілдікке қойылған қаражатты, яғни 630 млрд теңгені толық игерілгенге дейін «7-20-25» бойынша тұрғын үй сатып ала алады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бағдарлама 2022 жылдың соңына дейін аяқталады деп хабарланған болатын
Тағы көру