Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
78 мемлекеттік қызметші балалардың құқықтарын бұзғаны үшін жазаланды
Жаңалықтар

78 мемлекеттік қызметші балалардың құқықтарын бұзғаны үшін жазаланды

31.01.2025
1 мин
0
274
Сурет: opennews.kz

Қазақстанда 342 ұйымға, оның ішінде білім беру мекемелеріне, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарына тексеру жүргізу аяқталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

120 тексеру жергілікті жерде жүргізілсе, 58-і жоспардан тыс өтті. Нәтижесінде мамандар балалардың құқықтарына қатысты заң бұзушылықтарды анықтап, 24 хаттама толтырды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 2 миллион теңгеден асты. Сонымен қатар, 133 ұйғарым мен 164 ұсыныс берілді. 78 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

- Тексерулер жергілікті атқарушы органдар тарапынан балалар құқықтарын қорғау саласында заң бұзушылықтардың бар екенін көрсетті. Бұл – заңнаманың сақталуын бақылауды күшейту және олардың білім алуы мен тәрбиесі үшін қауіпсіз орта құру қажеттігін білдіреді. Жүйенің барлық қатысушылары балалардың құқықтары мен әл-ауқатына жауапты. Олардың басты міндеті – әр балаға қорғау, қолдау және тең мүмкіндіктер қамтамасыз ету, – деп атап өтті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Тексерулер нәтижесінде 1500-ден астам баланың құқықтары қалпына келтіріліп, жетім балалардың тұрғын үй мәселелері, мүліктік құқықтары, білімге қолжетімділігі және психологиялық қолдау көрсету мәселелері шешілді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл