Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Абай облысында 100 келіден астам марихуана мен 7 келіден астам гашиш тәркіленді
Жаңалықтар

Абай облысында 100 келіден астам марихуана мен 7 келіден астам гашиш тәркіленді

23.07.2025
мин
0
163
Сурет: Polisia.kz

Абай облысында полицейлер өзге облыстың тұрғынынан 100 келіден астам марихуана мен 7 келіден астам гашиш тәркіледі, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

"Қарасора - 2025" және "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Абай облысының полицейлері Алматы облысының 33 жастағы тұрғынының тұрғылықты жерін тінту барысында өсімдік тектес жасыл түсті зат салынған төрт қап пен ұнтақ тәріздес жасыл түсті зат салынған полимерлік пакет тапты.

Сот-наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар — жалпы салмағы 105 келіден астам кептірілген марихуана және 7 келіден астам гашиш екені анықталды.

Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындап, жабайы қарасораны өзі жинап, кептіріп, кейін сату мақсатында сақтағанын айтты. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл