Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Абай облысында 64 бала эвакуацияланды
Жаңалықтар

Абай облысында 64 бала эвакуацияланды

12.06.2023
1 мин
0
744

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ақпараты бойынша, Бұлақ, Талица және Успенка ауылдарынан 150-ден астам адам, оның ішінде 64 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Қазіргі уақытта олар Семей қаласындағы екі  колледжге орналастырылды. Оларға жан-жақты көмек көрсетілуде, балалар барлық керек-жарақпен, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, кәсіби психологтардың көмегі ұйымдастырылды. Отбасылар үшін қаланың көрікті жерлері мен кинотеатрларда түрлі ойын-сауық іс-шаралары өткізілді. Осы күнге дейін өңірде Министрліктің аумақтық департаменті, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және Абай облысының білім басқармасы өкілдері тікелей жұмыс істеуде. 

Ауыл-аймақтан эвакуацияланған 9, 11-сынып түлектері үшін қорытынды аттестаттауды тапсыру бойынша барлық қажетті жағдай жасалды. Қорытынды емтихандарды Семей қаласының мектептерінде өткізу жоспарланып отыр. 

ҚР Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша өңірге Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова аттанды. Қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің балаларына бару жоспарланып отыр. Балаларға Министрлік тарапынан еліміздің ең үздік сауықтыру орталықтарында жазғы демалыс ұсынылды. Ата-аналардың келісімімен балаларға психологтардың кәсіби көмегі көрсетіледі. Жаңа оқу жылынан бастап балалар тегін ыстық тамақ, мектеп формасы және басқа да оқу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау – Оқу-ағарту министрлігінің бақылауында. 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл