| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Абай облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
2 қараша күні таңғы сағат 05:45 шамасында Омбы – Майқапшағай трассасында ауыр жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жеңіл көлік Toyota Avensis пен Howa маркалы жүк көлігі соқтығысып, салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу нәтижесі бойынша заңдық шешім қабылданады.