Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Абай облысында қазандық жарылды: полиция тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
22 қараша сағат 10:30 шамасында Үржар ауданында жылу қазандығы жарылды. Әкімдіктің мәліметінше, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің бөлек орналасқан қазандығында жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша, апатқа жылу жүйесіндегі айналымның бұзылып, қазандықтағы қысымның көтерілуі себеп болған. Салдарынан қазандық қызметкері түрлі дене жарақаттарын алды.
ІІМ осы фактіге қатысты еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша алдын ала тергеу басталғанын мәлімдеді. Жарылыс болған жерде тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Материалдар арнайы тергеу жүргізу үшін уәкілетті органға жіберілді.
Тергеу барысы Абай облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.