458.87
535.09
5.42
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Әділет» партиясы Құрылтайға баратын 110 депутаттың тізімін бекітті
Жаңалықтар

«Әділет» партиясы Құрылтайға баратын 110 депутаттың тізімін бекітті

27.08.2026
мин
0
68
Сурет: kiltmedia.kz

«Әділет» партиясы Құрылтайдың I шақырылымындағы депутаттық мандаттарды бөліп, 110 кандидаттың тізімін бекітті. Олардың арасында бұрынғы Мәжіліс пен Сенат депутаттары, Ұлттық Құрылтай мүшелері және Президенттік жастар кадр резервінің өкілдері бар, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Астанада «Әділет» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтіп, онда Құрылтайдың I шақырылымына сайланған депутаттардың тізімі бекітілді. Партия төрағасы Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен жиында тиісті шешім қабылданды.

Партия сайлау нәтижесінде 145 депутаттық мандаттың 110-ын иеленген. Сайлаушылардың 71,17 пайызы «Әділет» партиясына дауыс берген. Партия мәліметінше, оны 6,5 миллионнан астам қазақстандық қолдаған.

110 депутаттың құрамына назар аударсақ, 37-сі әйел, 13-і жастар санатына жатады. Сондай-ақ екі депутаттың мүгедектігі бар. 21 депутат – өзге ұлт өкілдері. Депутаттардың орташа жасы 46,7 жасты құрайды.

Жаңа құрамда тәжірибелі саясаткерлер де аз емес. Олардың арасында Ұлттық Құрылтайдың 13 бұрынғы мүшесі, Мәжілістің 20 экс-депутаты және Сенаттың төрт бұрынғы депутаты бар. Жалпы 24 адамның Парламентте депутаттық тәжірибесі болған.

Құрамда мемлекеттік басқару мен саясаттан бөлек, түрлі саланың мамандары да бар. Атап айтқанда, партия тізіміне төрт IT маманы, үш эколог және волонтерлік қозғалыстың екі өкілі енген.

Сонымен қатар 10 кандидат Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болса, төртеуі Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңесте жұмыс істеген. Бес адам Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрамында болған. Тағы 26 кандидат мәслихат депутаты ретінде тәжірибе жинаған.

Партия Бюросы Құрылтайдағы депутаттық фракция жұмысының негізгі тәртібін де бекітті. Енді 110 кандидаттың тізімі Құрылтайдың бірінші шақырылымы депутаттарын ресми тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданады.

Партия басшылығы сайлау нәтижесін азаматтардың «Әділетке» және елдегі реформалар бағытына білдірген сенімінің көрсеткіші ретінде бағалап отыр. Ендігі мәселе – жоғары қолдауды депутаттардың нақты жұмысы мен қабылданатын шешімдер арқылы ақтауы.

Депутаттық мандат алғандардың толық тізімі:

1. Авершин Константин Викторович

2. Адаев Ербол Дәненұлы

3. Адамбеков Тілектес Серікбайұлы

4. Аймағамбетов Асхат Қанатұлы

5. Аймағанова Айжан Талғатқызы

6. Алтай Абай

7. Атабаева Гүлзира Нұржанқызы

8. Атамқұлова Гүлназ Төреханқызы

9. Ахмедиев Дархан Мейрамұлы

10. Адамбек Кендебай Сарыбайұлы

11. Амантайұлы Жарқынбек

12. Әбдікешов Алмат

13. Әмірғалиев Мадияр Орынтайұлы

14. Әлімқұлов Бекжан Мухидинұлы

15. Әшімова Аяужан Тұрсынбекқызы

16. Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы

17. Бәденова Әсел Жанболатқызы

18. Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы

19. Басин Вадим Борисович

20. Батырбеков Ерлан Ғаділетұлы

21. Башымов Марат Советұлы

22. Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы

23. Беркімбаев Берік Серікұлы

24. Больгерт Евгений Андреевич

25. Бұршақов Сатыбалды Ересұлы

26. Байбеков Шалқар Заманбекұлы

27. Бәзенов Айрат Бәзенұлы

28. Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы

29. Бақытбекұлы Нұркен

30. Баялышбаев Елдос Қайыркенұлы

31. Годунова Наталья Николаевна

32. Дәдебай Айбек Арқабайұлы

33. Данилов Александр Сергеевич

34. Данағұлов Ербол Жеткергенұлы

35. Данбаева Жұлдыз Сейітқамзақызы

36. Ділдабек Дидарбек Жұмағалиұлы

37. Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы

38. Ералиев Бегалы Ералыұлы

39. Ерназар Шынасыл Жеңісұлы

40. Есімханов Сұңғат Қуатұлы

41. Ескендірова Ақерке Нұрғалиқызы

42. Елеусізова Бота Серікқызы

43. Ералиев Мағжан Абзалұлы

44. Ергешбек Нұрсадық Ергешбекұлы

45. Жансеңгіров Арман Серікұлы

46. Жаманқұлова Қарлығаш Қалибекқызы

47. Жамалов Бауыржан Салдарұлы

48. Жүкебаев Алмат Отаубайұлы

49. Жылқыбаева Ләззат Әуезханқызы

50. Зәкиева Динара Болатқызы

51. Имашева Снежанна Валерьевна

52. Қарабасова Лаура Шапайқызы

53. Қаринова Шолпан Таңатқызы​

54. Қайырова Әсел Әнуарқызы

55. Қожаниязов Серік Салауатұлы

56. Кемалов Мейрамбай Тамабайұлы

57. Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы

58. Қожаев Марат Шәдетханұлы

59. Қожахметова Ләззат Таймырқызы

60. Кузиева Замира Закировна

61. Кучинская Юлия Владимировна

62. Қамзабекұлы Дихан

63. Оспанбеков Әмірбек Қанатбекұлы

64. Оспанов Шота Сәбитбекұлы

65. Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы

66. Перепечина Ольга Валентиновна

67. Петров Константин Викторович

68. Пономарёв Сергей Михайлович

69. Пулатов Шерзод Аббозович​

70. Рамазанова Наталья Сергеевна

71. Рожин Максим Николаевич

72. Рымжанов Мәди Рысбекұлы

73. Савельева Татьяна Михайловна

74. Сайыров Ерлан Бияхметұлы

75. Сарым Айдос Әміроллаұлы

76. Смышляева Екатерина Васильевна

77. Сүгірбай Аят Исатайұлы

78. Сулаймонова Русана Русланқызы

79. Сүлейменова Айсұлу Қанатқызы

80. Сағынов Замир Садықұлы

81. Себасов Марат Бақбергенұлы

82. Семидоцких Елена Александровна

83. Темірбаева Айжан Маратқызы

84. Тен Ирина Сергеевна

85. Тоқтамұрат Армангүл

86. Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы

87. Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы

88. Тамабек Әбілқайыр Ғалымұлы

89. Тілемісов Тұрарбек Тілемісұлы

90. Теренченко Илья Сергеевич

91. Тоқшылық Ерлан Бейсенұлы

92. Толыбаев Нұрлан Әлішерұлы

93. Шапақ Үнзила

94. Шаталов Никита Сергеевич

95. Шибұтов Марат Мақсұмұлы

96. Щербаков Станислав Александрович

97. Маралов Дәурен Әділмырзаұлы

98. Мұсылманбек Ерқанат

99. Мұхамбедиев Мұратбек Қайырсәпиұлы

100. Медеуова Дана Теміртайқызы

101. Нахбаева Гүлісхан Сайфулинқызы

102. Нарымбетов Бахадыр Мадалыұлы

103. Найымбекова Айжан Ізбасханқызы

104. Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы

105. Ниязалиев Нұржан Әуезұлы

106. Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы

107. Халықов Арман Қобыландыұлы

108. Хайруллин Арман Ғабидоллаұлы

109. Хайруллиев Мұса Қарашаұлы

110. Ысқақова Айжан Амангелдіқызы

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл