Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Марат Жыланбаевты Степногорск түрмесіне этаппен алып кеткен. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.
«Мен қазір ғана Астананың тергеу изоляторынан – N64 мекемеден шықтым. Мен онда кассациялық шағымға дайындық мәселесін талқылау үшін өзім қорғап отырған азамат Марат Жыланбаевпен кездесуім керек болған. Өкінішке қарай онымен кездесіп, оның денсаулығын біле алмадым. Себебі кеше, 26 қаңтарда Марат Жыланбаевты Степногорск қаласының N4 мекемесіне этаппен алып кеткен екен», - деді адвокат 27 қаңтар әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеомәлімдемесінде.
Былтыр қарашада жеті жылға сотталған Марат Жыланбаев 24 қаңтарда үкімнің күші жойылғанға дейін ұзақмерзімдік аштық жариялайтынын айтқан еді. Қазір оның денсаулығы, жағдайы белгісіз.