Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Адвокат Шерзат Болатқа, оның әкесі мен ағасына қатысты іс қозғауды сұрады
Жаңалықтар

Адвокат Шерзат Болатқа, оның әкесі мен ағасына қатысты іс қозғауды сұрады

02.06.2025
1 мин
0
306
Сурет: youtube.com/@SupcourtRK

Сотталушы Дидар Қалиахметтің адвокаты марқұм Шерзат Болат, оның әкесі және ағасына қатысты қылмыстық іс қозғау туралы жекеше қаулы шығаруды сұрады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бүгінгі жарыссөз барысында қорғаушы Гаухар Баймұханова Шерзат Болатты, оның әкесі Қаржаубай Нұрымовты және Нұрқанат Ғайыпбаевты бұзақылық бабы бойынша жауапқа тарту туралы өтініш білдірді.

- Адвокат Мейірман Шекеев жарыссөз кезінде өз қорғауындағы азаматтардың атыс қаруын қолданғанын растады. Сонымен қатар, бейнежазбаларға сәйкес Қаржаубай Нұрымов үш рет дүкеннен пышақты бірінші болып алып шығып, оны қолданған. Осы жайттарды ескере отырып, құрметті сот, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық құрамның бар екенін негізге ала отырып, Шерзат Болат, Нұрқанат Ғайыпбаев және Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық іс қозғау туралы жеке қаулы шығаруыңызды сұраймын. Сондай-ақ, бұл қаулыны Алматы облысының прокуратурасына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолдауыңызды өтінемін, – деді адвокат Гаухар Баймұханова.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл