Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Агенттік 34 блогердің онлайн-казино жарнамалағанын анықтады
Жаңалықтар

Агенттік 34 блогердің онлайн-казино жарнамалағанын анықтады

28.08.2025
1 мин
1
484
Сурет: ашық дереккөз

Қаржы мониторингі агенттігі жыл басынан бері 34 блогердің заңсыз онлайн-ойындарды жарнамалауға қатысы барын анықтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Агенттіктің мәліметінше, олардың қатарында Қайсар Қамза, Шыңғысхан Көпбаев ("Baller"), Тәуіржан Айтмаханов, Наиль Тұрғанов, Диляра Аманқосқызы, Ринат Шамшырақ және басқа да контент жасаушылар бар.

Аталған тұлғалардың 11-і әкімшілік жауапкершілікке тартылса, қалған 23 блогерге қатысты материалдар Мәдениет министрлігіне шара қабылдау үшін жолданды. Көпшілігі заңды жүйелі түрде бұзып келген.

• "Baller" (Шыңғысхан Көпбаев) жыл басынан бері бес рет әкімшілік жауапқа тартылған.

• Ринат Шамшырақ онлайн-казино жарнамалағаны үшін іс қозғалған.

•  Наиль Тұрғановжарнама үшін 8 млн теңгеден астам қаржы алған.

• Нұрғазы Тоқтаров ("Nakonay Qarapaiym") заңсыз ойындарды белсенді насихаттап, 15,8 млн теңге табыс тауып, оның жартысына жуығын сол платформаларда ұтылып қалған.

•  Мариям Құлжабаева (@oomariko)қарапайым стористерін 350 мың теңгеге сатып, азаматтарды онлайн-казинода тіркелуге шақырған.

Сонымен қатар Зухра Хакиева, Диана Халметова, Әсем Аубакирова, Арина Байкова, Күмісай Айымбетова сынды инфлюенсерлердің де аты аталды.

Агенттік онлайн-казино жарнамасын адамдарды тәуелділікке жетелейтін қауіпті құбылыс деп атап, мұндай әрекеттерді ҚР ҚК-нің 28-бабының 5-тармағы аясында – заңсыз ойын бизнесіне көмектесу ретінде қарастыруға ниетті. Бұған қоса қаржы пирамидалары сияқты онлайн-казино жарнамасы үшін де қылмыстық жауапкершілік енгізу бастамасы көтерілді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Ж
Жанна 28.08.2025
Неге енди аныктады. 2-3жылдан бери ашыктан ашык жарнамалап жургой
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл