Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Air Astana» компаниясының 9 айдағы шығыны 36 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Dauletten.kz LS сайтына сілтеме жасап.
Әуе компанияның есебіне сүйенсек, өткен жылы үш тоқсандағы таза пайда 9,1 млрд теңгені құраса, биыл таза шығын 36 млрд теңгеге жетті.
Сондай-ақ, кіріс екі есе төмендеп, 114,56 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жолаушылар тасымалы – 103,7 млрд теңге (2,3 есе аз), жүк пен пошта тасымалы – 5,6 млрд теңге (3%-ке аз), өзге кірістер – 2,8 млрд теңге (24%-ке көп), кері жалға беруден түскен пайда 2,4 млрд теңгеге жетті.
Айта кетейік, 2020 жылдың І жарты жылдығының қорытындысы бойынша "Air Astana" әуе компаниясының таза шығыны 10 есеге арты.