Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Балқаш тұрғындары екі күннен бері суық сусыз отыр. Оған басты сорғы стансасы маңындағы апат себеп болған. Осыған орай, 6 сәуір күні қала әкімі Қайрат Қамзин Балқаш тұрғындарына үндеу жолдап, сабырлы болға шақырды сұрады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Құрметті балқаштықтар, су құбырындағы жұмыс жалғасып жатыр... Жұмысты сағат 14:00-15:00-ге дейін аяқтап, магистральдық желілерді толтыруды бастаймыз. Содан кейін біртіндеп кварталішілік желілерді толтырамыз. Бүгін барлығыңыз шыдамды болыңыздар. Су тасушылар да жұмыс істейді. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймын», – деді insta-парақшада жариялаған видеоүндеуінде.
Қайрат Қамзиннің айтуынша, апат орнында 12 адамнан тұратын топ жұмыс істеп жатыр, бес техника жұмылған.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, сағат 10:46-да диаметрі 800 мм магистральдық құбырдан диаметрі 400 мм су төгетін құбырдағы клапан бөлшектелді.
Балқаш қаласының әкімі су бүгін жеткізілетінін хабарлады.
фото: ntv.ru