Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Дүниежүзілік деңгейдегі танымал әнші Шакира Қазақстанда өнер көрсетуі мүмкін. Бұл туралы "Астана Концерт" продюсері Мәлік Хасенов блогер Камиль Байрамовқа берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сұхбат барысында Байрамов әлеуметтік желі қолданушыларының өтінішін жеткізіп, тағы бір әлемдік жұлдыз – Шакираны Қазақстанға шақыру жайлы сұрады. Өз кезегінде Хасенов бұл бағытта нақты жұмыстар жүріп жатқанын растады.
- Мен сіздерге құпияның шетін ашайын. Біз онымен келіссөз жүргізіп жатырмыз, Құдай қаласа, күзде аяқтаймыз, – деді продюсер.
Колумбиялық әншінің 2025 жылға арналған гастрольдік кестесі тығыз. Соңғы жарияланған мәліметтерге сәйкес, Шакира 9 желтоқсанда Буэнос-Айрес қаласында өнер көрсетуі тиіс. Алайда қазан айында оның тек 25 және 26-сы күндері ғана концерттері жоспарланған. Сарапшылар дәл осы кезеңде Қазақстанда концерт өтуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Әзірге Шакираның Қазақстанға сапары ресми түрде расталмаған. Алайда келіссөздер сәтті аяқталса, әншінің елімізге келуі 2025 жылдың күзінде немесе жыл соңына қарай жүзеге асуы мүмкін.