Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әлеуметтік желіде 200-ден аса азаматты алдаған алаяқтар ұсталды
Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде 200-ден аса азаматты алдаған алаяқтар ұсталды

07.06.2021
1 мин
1
1327

Елордада тұратын алаяқтар 210 азаматтың атына онлайн несие рәсімдеген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бас қаланың 26 және 32 жастағы тұрғындары былтыр қазаннан бастап сәуірге дейін микрокредиттік ұйымдардың бірінде басқа азаматтардың атына онлайн несие алған. Қылмыстық схеманы Қостанай облысының киберқылмыспен күресетін полицейлері анықтады.

Алаяқтар жәбірленушілердің жеке деректерін әлеуметтік желілерден іздеп тапқан. Азаматтардың аты мен тегін, ЖСН нөмірін пайдаланып, еш кедергісіз онлайн несие алған.

Заңсыз әрекет салдарынан 210 адам алаяқтың құрбаны болды. Жәбірленушілер республиканың 12 өңірінде тұрады. Алаяқтар бір адамның атына 70 мыңнан 300 мың теңгеге дейін қарыз алған.

Жәбірленушілердің негізгі бөлігі өз атына несие алынғанын полициядан білсе, қалғандарына қарызды өтеу туралы телефон қоңырауы мен SMS-хабарлама келген.

Алаяқтар азаматтарға 26 миллион 100 мың теңге материалдық шығын келтірді.

Қазіргі таңда күдіктілер Қостанай қаласының тергеу изоляторына қамалды. Оларға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Олар ақшаны әртүрлі банктің виртуалды картасына аударып, кейін жеке қажеті мен букмекер кеңселердің ставкасына жұмсаған.


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
А
Арайлым 07.06.2021
Санасыздардар жазасын өтесін
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл