Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әлеуметтік желілерде әскери-патриоттық челлендж өтті
Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде әскери-патриоттық челлендж өтті

04.07.2022
1 мин
0
1514

Туған өлке, тарихи орданы сүю – ақылдың ісі емес, жүректің ісі. Ең аяғы, аң-құс та бір өңірді мекендеп, басқа аймақтарды жерсінбейді. Біздің де сонау дәуірлерден бері тамырын тереңге жайған бір ғана Отанымыз бар. Ол – Қазақ жері. Осынау алып қазақ сахарасын көздің қарашығындай қорғап, оны шексіз сүю әр қазақтың міндеті және азаматтық борышы. 

“Арыстында айбатты, 

Жолбарыстай қайратты, 

Мен жастарға сенемін!” 

Дәл осы өлең тіркестерін елім деген әрбір жас санасына сіңірген. Елі үшін, жері үшін аянбай тер төккен Мағжан аталарының сенімін ақтау жолында барын салуда.

Елімізде жастар арасындағы патриотизмді арттыру мақсатында көптеген іс-шаралар кешені жасалынып жатыр. Осы ретте Алматы студенттер Альянсы «Отанды қорғауға дайынмын» челленджін бастаған еді.  Жоба басталған күннен-ақ жастар арасында танымалдылыққа ие болып үлгерді. Бастапқыда тек 8 және 30 мамыр аралығында деп белгіленген челендж уақыты қатысушылардың сұранысы бойынша 6 маусымға дейін ұзартылды. 

«Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру» жобасы аясында ұйымдастырылған шараны  «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» қаржыландырды. Челенджге қызығушылық танытқандардың арасында ең белсенділері Маңғыстау облысы және Нұр-сұлтан қалалары болды. 

Жобаның басты мақсаты жастар арасында әскери-патриоттық рухты ояту және жастардың спортқа қызығушылық деңгейін арттыру.  Нәтижесінде челлендж қатысушылары арасынан 10 үздік қатысушы 10 000 (он мың) теңге көлеміндегі сыйақымен марапатталды. Қатысушығаларға қойылатын талаптар өте қарапайым. Челленджге қатысушылар кез-келген спорт түрінің элементтерін көрсетіп видео түсіріп, өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жариялауға міндетті болды. Тиісінше, өз челенджіне көп адамдарды қызықтыра алған қатысушылар жеңімпаз атанды.

Отан! Егер осы бір төрт әріптен құралған сөздің түпкі мағынасына үңілер болсақ, оның қаншалықты қастерлі ұғым екендігіне көз жеткіземіз. Өйткені Отан деген тек туып өскен жерің ғана емес, ол – күнделікті отбасы, ошақ қасың, ауасын жұтып, суын ішіп, байлығын игілігіңе жаратып отырған кең-байтақ жерің, қазыналы қариясы мен ақ жаулықты анасы бар алтын бесігің, тай-құлындай бірге өскен құрбы-құрдастан құралған ыстық ауылың, қадірлі ата-ана, сүйікті жар, сүйкімді балаң жүрген туған елің. Қойнауы қазынаға, өрісі малға толы ырысты атамекен, «атамыз күйеу, анамыз келін болған жер». Міне, осы туған ел мен жерге еге болу, амандығын тілеу, ұрпақтың болашағына жауаппен қарау, ел тыныштығымен қатар рухани бірлікті сақтау – әрбір қазақтың парызы. 

Патриотизм – өз еңбегін, күш жігерін туған жері мен Отанын көркейтуге жұмсау деген ұғымды білдіреді. Патриоттық сезімнің нысаны Отан десек, оның негізі туған жер, ұлттық тіл, діл, дәстүр. Осылардың адамға жылылық беріп, ізгі ерлік істер қайнар көзіне ай­налуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы болып табылатынын біздің әр қатысушы  түсіне білді. Бүгінгі жастардың бодандық қамытын киген ұрпақтан өзгерек, патриот болып өсіп келе жатқандығы баршамызды қуантады. Алдағы уақытта осы бағыттағы жобалар жалғасын табатынына сенімдіміз.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл