Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әлеуметтік желілердегі репост үшін айыппұл енгізілмек
Жаңалықтар

Әлеуметтік желілердегі репост үшін айыппұл енгізілмек

22.10.2025
мин
0
290
Сурет: ашық дерек көзінен

Қазақстанда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде заңсыз контентті қайта жариялаған азаматтарға айыппұл салу көзделіп отыр. Тиісті заң жобасы Мәжілісте мақұлданып, енді Сенат қарауына жолданды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда әлеуметтік желілерде айтылған әдепсіз пікірлер мен қорлау сөздер үшін жазалау шаралары қолданылады – ол көпқабатты үйдің чаттарындағы жазбалардан бастап, түрлі жарияланым астындағы пікірлерге дейін қамтиды.

Алайда алдағы уақытта жауапкершілік тек заңсыз контентті жариялағандарға ғана емес, оны таратқандарға – яғни репост жасағандарға да қолданылуы мүмкін.

«Құқықбұзушылықтың алдын алу туралы» тиісті заң жобасы бұған дейін Мәжілісте мақұлданған.

Атап айтқанда, жауапкершілік мына жағдайларда қарастырылмақ:

  • конституциялық құрылымды құлатуға шақыру;
  • экстремистік немесе террористік қызметті насихаттау;
  • қатігездік пен зорлық-зомбылықты дәріптеу;
  • есірткіге қатысты мазмұн тарату және соған ұқсас әрекеттер.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл