Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда 17 қазанда сағат 10:00-де жоспарлы қалалық сейсможаттығу өткізіліп, халықты жедел хабардар ету жүйесі Mass Alert тексеріледі. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2024 жылдың 14 қазандағы хабарламаға сәйкес, сейсможаттығу телерадиоарналардың автоматты түрде тосқауылдан басталып, «Баршаңыздың назарына!» деген дабылмен сиреналы-дауыс зорайтқыш жүйелері және ұялы телефондарға хабарлама жіберіледі.
- Сигналды алғаннан кейін ғимараттан ашық алаңға эвакуациялану қажет, - деп мәлімдейді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мамандардың айтуынша, сейсможаттығудың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындығын арттыру, қауіпсіз орындарға эвакуациялау маршруттарын пысықтау.
Хабарлама соңында қала тұрғындары мен қонақтарын үрейленбеуге және сейсможаттығуға белсенді қатысуға шақырады.