Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда 17 наурыздан бастап "Таза аула" акциясы басталады. Оның аясында қала тұрғындары аулаларын абаттандыру үшін қоршауларын, қақпаларын және орындықтарын сырлауға арналған бояу мен еріткіштерді тегін ала алады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Акцияның мақсаты мен шарттары
Әкімдіктің мәлімдеуінше, науқан тұрғын үйлердің ауласын көркейтуге және жеке сектордағы қоршаулардың эстетикалық көрінісін жақсартуға бағытталған. Акцияға кез келген қала тұрғыны қатыса алады. Ол үшін аудандық абаттандыру бөлімдеріне жүгіну қажет. Тегін бояу мөлшері шектеулі — әр қатысушыға 2 кг беріледі.
Науқан төрт кезеңнен тұрады
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, "Таза аулалар" науқаны бірнеше кезеңнен тұрады. 7 наурызда оның үшінші аптасы басталады. Бұл кезеңде аула аумақтарын тазалау, сырлау, балалар мен спорт алаңдарын абаттандыру, көгалдандыру және "Үздік коммуналдық қызметкер" байқауын өткізу жоспарланған.
Өткен жылдардың тәжірибесі
"Өз қоршауыңды/орындығыңды/беседкаңды бояу" акциясы алғаш рет 2024 жылы "Алматы – біздің ортақ үйіміз" бағдарламасы аясында өткен. Ол кезде қала тұрғындары тарапынан үлкен қызығушылық туындап, 4240 литр бояу мен 590 литр еріткіш таратылған болатын.
Алматы әкімдігі қала тұрғындарын акцияға белсене қатысып, шаһарды көркейтуге үлес қосуға шақырады. Тегін бояу алу үшін төмендегі мекенжай мен байланыс нөміріне хабарласуға болады: