Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматы департаменті өрт сөндірушілер мен жүргізушілерді жұмысқа шақырады
Жаңалықтар

Алматы департаменті өрт сөндірушілер мен жүргізушілерді жұмысқа шақырады

30.05.2022
1 мин
3
2078

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінде 288 бос жұмыс орны бар.

Ведомства мәліметінше, ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес осы жылдың басынан бері Алматы қаласы ТЖД-нің өрт сөндіру мен апаттық қызметінде штаттық жұмыс орны артты. 

«Осыған байланысты қатардағы және кiшi басқарушы құрамды қосқанда 288 бос орын бар. Атап айтқанда, өрт сөндірушілер, жүргізушілер»,- дейді департаменттің өрт сөндіру қызметі кадр басқармасы бөлімінің бастығы Ақжол Әбіләзімов. 

Сонымен қатар ол азаматтық қорғау органдарына жұмысшылар қандай тәртіппен іріктеп алтынатынын айтып берді. 

«Біздің қызметке 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтар жұмысқа орналаса алады. Олар әскери борышын өтеген немесе ҚР-ның заңына сай әскери міндетін кейінге шегерген болуы керек. Білімі орташадан төмен болмауы керек. Сондай-ақ кәсіпкерлікпен айналыспайтын және қылмыстық жауапқа тартылмаған болуы шарт. Азамат өзінің жеке және іскерлік қасиеттерімен дене дайындығы мен денсаулық жағдайы бойынша өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындауға қабілетті болуы керек»,- дейді Ақжол Әбіләзімов. 

Өрт сөндіру қызметінің болашақ сарбаздарын алғаш оқыту Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясының оқу орталығы базасында өтеді. 

Өрт сөндірушілер үшін бастапқы кәсіби дайындық - 35 күнтізбе күні. Жүргізушілер үшін – 14 күн, өзге қызметтер бойынша – 7 күн. Оқу орталығына қатысып жатқандар үш уақыт тамақпен және жатын орынмен қамтамасыз етіледі. Оған қоса 94 325-127418 теңге көлемінде еңбекақы төленеді.

Несиені қандай қажеттілік үшін алдыңыз?
8425 адам
тұрмыстық техника және электроника үшін 0%
тұрғын үй алу үшін 0%
көлік алу үшін 0%
той жасау үшін 0%
несие жабу үшін 0%
жеке кәсіп үшін 0%
емделу үшін 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
Д
Даурен 30.05.2022
Өрт сөндірушілерге 95-120 мын айлық азғо! Жұмыстары қиынғо!
Жауап беру
А
Айбын 30.05.2022
Жалақы өте төмен!!! өкімет көтерсін жалақыны!!!! 120мыңға кім кіреді?
Жауап беру
М
Мерей 30.05.2022
Қаида барамыз кімге хабарласамыз
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл