Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматы департаменті өрт сөндірушілерді жұмысқа шақырады
Жаңалықтар

Алматы департаменті өрт сөндірушілерді жұмысқа шақырады

05.08.2022
1 мин
4
2277

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінде 250- ден астам бос жұмыс орны бар. Бұл туралы онлайн брифинг барысында департаменттің кадр саясаты бөлімінің басшысы Ақжолтай Әбіләзімов айтты.

Оның айтуынша, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығына сәйкес осы жылдың басынан бері Алматы қаласы ТЖД-нің өрт сөндіру мен апаттық қызметінде штаттық жұмыс орны артты. 

«Осыған байланысты қатардағы және кiшi басқарушы құрамды қосқанда 250-ден астам бос орын бар. Атап айтқанда, өрт сөндірушілер мен жүргізушілер»,- дейді спикер. 

Сонымен қатар ол азаматтық қорғау органдарына жұмысшылар қандай тәртіппен іріктеп алтынатынын айтып берді. 

«Біздің қызметке 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтар жұмысқа орналаса алады. Олар әскери борышын өтеген немесе ҚР-ның заңына сай әскери міндетін кейінге шегерген болуы керек. Білімі орташадан төмен болмауы керек. 

Сондай-ақ кәсіпкерлікпен айналыспайтын және қылмыстық жауапқа тартылмаған болуы шарт. Азамат өзінің жеке және іскерлік қасиеттерімен дене дайындығы мен денсаулық жағдайы бойынша өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындауға қабілетті болуы керек»,- дейді Ақжолтай Әбіләзімов. Кадр саясаты бөлімінің басшысы қызметке кіру үшін азаматтар «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған біліктілік талаптарына сәйкес келуі қажет екенін атап өтті. 

«Азаматтарды қызметке іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білуге тест тапсыру, әскери-дәрігерлік комиссиядан өту, дене шынықтыру даярлығы нормативтерін тапсыру. Барлық кезеңдерден ойдағыдай өткен үміткер бастапқы кәсіби дайындықтан өту үшін Алматы қаласында орналасқан Оқу орталығына жіберіледі. Оқу орталығына қатысып жатқандар үш уақыт тамақпен және жатын орынмен қамтамасыз етіледі. Оған қоса 113 000 - 117 000 теңге көлемінде еңбекақы төленеді,-деді спикер.

Өрт сөндірушілер үшін бастапқы кәсіби дайындық - 35 күнтізбе күні. Жүргізушілер үшін – 14 күн, өзге қызметтер бойынша – 7 күн. « Азаматтық қорғау органдарындағы жұмысқа қызығушылық танытқандар болса, онда Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 132 мекенжайы бойынша орналасқан Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметіні» кадр саясаты бөліміне немесе 8 (727) 261-28-92 телефоны бойынша хабарласуға болады»,- дейді департамент өкілі.

Алимент төлемеген жағдайда не істеу керек?
2628 адам
жауапкершілікке тарту керек 0%
айыппұл салу керек 0%
әлеуметтік жұмысқа тарту керек 0%
сотқа жүгіну керек 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
А
Айка 05.08.2022
Төтенше жағдай бөлімінің өрт сөндірушілерінің айлығы өте төмен,мына көрсетілген айлық мүлде төмен,қымбатшылық заманда ондай айлықпен кім жұмыс жасағысы келеді,оның үстіне жауапкершілігі күшті,айлығын көтерсін өрт сөндірушілердің,милициялардікін көбейте бергенше
Жауап беру
К
Кымбат 05.08.2022
Айлыктары оте томен, осы маселени котеру керек, казир кымбатшылык заман.мына акшамен семьяга жеткизу киындау
Жауап беру
Н
Назерке 05.08.2022
Масқара, айлық көрсеткіші.
Жауап беру
Ж
Жони 05.08.2022
Жалақысы айлығымен шайлығына жетпейді кім барады бул жумысқа? Жалақыны көтеретін ойларыда жоқ
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл