Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыға жақын маңдағы тауларда із-түзсіз кеткен деп жарияланған 18 жастағы жігіттің мәйіті табылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz Lider.kz еріктілер қозғалысына сілтеме жасап.
- Өкінішке орай, ол қаза тапты. Марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз, – делінген еріктілер таратқан хабарламада.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі марқұмның өлімін растады. Олардың мәліметінше, зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салайық, 18 жастағы Ақылбек Нұрислам 2 шілдеде із-түзсіз кеткен. Жақындарының айтуынша, ол тауға кеткен. Соңғы рет оның телефонынан сигнал Үлкен Алматы шатқалы маңында тіркелген.
Іздеу жұмыстарына 40-тан астам адам қатысты: Алматы қалалық құтқару қызметі (109), республикалық жедел-құтқару жасағы, ТЖД, шекара қызметі, полиция мен еріктілер. Сондай-ақ іздеу жұмысына авиация, кинологтар мен дрондар тартылды.