474.08
558.28
6.26
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматы облысында алименттен жалтарған 95 борышкер қамалды
Жаңалықтар

Алматы облысында алименттен жалтарған 95 борышкер қамалды

15.04.2026
мин
1
149
Сурет: zakon.kz

Алматы облысында алименттен жалтарған 95 адам жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Алматы облысында алимент төлеуден жалтарған 95 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қамауға алынды. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлім етті.

Ведомствоның дерегінше, соңғы үш ай ішінде өңірде алимент бойынша жалпы 500 миллион теңгеге жуық берешек өтелген. Балалар алдындағы міндетін орындаудан қасақана бас тартқан 13 азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, олардың үшеуіне сот үкімі шыққан. Қалғандары бойынша тергеу жалғасуда.

Сонымен қатар, 107 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың 95-і бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынған.

Алимент қарызын өтеу мақсатында жалпы құны 32 миллион теңгеге жуық мүлік — жер телімдері, тұрғын үйлер мен автокөліктер балалардың пайдасына берілген. Бір жағдайда борышкер 7,5 миллион теңге тұратын жер учаскесін қарызды өтеу үшін өткізген.

Прокуратура өкілдері мұндай шаралар алимент төлеуден жалтаруға жол берілмейтінін көрсететінін атап өтіп, балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау басты басымдық екенін жеткізді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Н
Назгүл 15.04.2026
Осы мәселе жөнінде көмектесетін заңгер бармекен? Карызды толемей, еше ай сайынгы алиментін мардымсыз толейтін юорышкерге арызым бар еді
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл