Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысының Іле ауданында орналасқан металл қабылдау пунктінде жарылыс болып, үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға кезінде белгісіз зат жарылып кеткен. Салдарынан үш адамның мәйіті оқиға орнынан табылды.
— Жарылыс орнына жедел түрде полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметтері жіберілді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, — делінген хабарламада.
Жарылыстың нақты себебі әзірге белгісіз. Тергеу барысында қауіпті заттың қайдан пайда болғаны және кәсіпорында қауіпсіздік талаптарының қаншалықты сақталғаны тексерілетін болады.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.