| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысында екі жеке стоматологиялық клиниканың басшылары МӘМС қаражатынан заңсыз ақша алғаны анықталды. Олар балалардың дербес деректерін пайдаланып, көрсетілмеген медициналық қызметтер туралы жалған мәлімет енгізген, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы облысында екі жеке стоматологиялық клиниканың директоры пациенттердің деректерін заңсыз пайдаланып, МӘМС қаражатын иемденген. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 65,9 миллион теңгені құрады.
Бұл заңсыз схеманы Алматы облысының прокуратурасы анықтаған.
Прокуратура мәліметінше, клиника басшылары пациенттердің дербес деректерін пайдаланып, медициналық ақпараттық жүйеге туа біткен патологиясы бар балаларға көрсетілмеген ортодонтиялық қызметтер туралы жалған ақпарат енгізген.
Осы мәліметтердің негізінде клиникалар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатынан заңсыз төлемдер алып отырған.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2) тармағымен қылмыстық іс тіркелді.
Сот үкімімен кінәлі тұлға сотталған. Мемлекетке келтірілген 65,9 миллион теңге көлеміндегі залал толық өтелді, деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.
Бұған дейін Қазақстанда профилактикалық тексеру нәтижесінде жүздеген мың баладан түрлі аурулар анықталғаны хабарланған болатын.