Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысындағы тас жолдың бірінде адам өлімімен аяқталған жол апаты болды. Екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Dauletten.kz порталы ҚР ІІМ телеграм-каналына сілтеме жасап.
30 қаңтарда Алматы-Өскемен тас жолының 54-ші шақырымында Mercedes-Benz және Ford көліктерінің қатысуымен жол апаты орын алды.
Форд автокөлігіндегі өрттен жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
«Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады полициядағылар.
Фото: tengrinews.kz