Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еріктілер Аустралия азаматы Херд Джейк Майклға жоғалғаны туралы хабарландыруды жариялады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ол 21 мамырда Қазыбек би көшесі, 66 мекенжайындағы «727» жатақханасынан Үлкен Алматы көліне (БАО) шыққан.
Оның желідегі парақшасында артқы жағында көл бейнеленген суреті салынған. Алайда содан бері оны ешкім көрмеген. Соңғы рет сенбі күні кешке, 20 мамырда жатақханада құрбысы көрген. 22 мамырда олар Аустралияға қайта ұшуы керек еді.
«Криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен кинолог-мамандар арасынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Шетелдік азаматты іздеу бойынша барлық полиция бөлімшелеріне бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар еріктілердің ресурстары барынша пайдаланылуда. Қазір қолда бар ақпаратқа сәйкес, Аустралия азаматын 21 мамырда БАО аймағында көрген. Ер адам космостанциясына қарай бет алған. Аталған аумақты ескере отырып, тікұшақ бригадалары мен республикалық жедел-құтқару жасағының күштері тартылды. Бейне барлау дрондармен жүргізіліп жатыр», - деді Алмалы аудандық ПБ бастығы Есен Ысқақов.
фото: polisia.kz