| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда қала тұрғындары мен қоғам өкілдері ел тәуелсіздігі үшін жанын қиған азаматтардың рухына тағзым етіп, Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматыда тарихи жадыға арналған тағылымды іс-шара өтті. Қала тұрғындары мен түрлі сала өкілдері Тәуелсіздік монументі алдына жиналып, елдің еркіндігі үшін құрбан болған азаматтарды еске алды.
Рәсімге жергілікті атқарушы билік өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері, Желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтар, этномәдени бірлестіктер мен жастар қауымы қатысты. Қатысушылар өткенге тағзым етіп, азаттық жолында жанын қиғандардың рухына үнсіздікпен құрмет көрсетті.
Еске алу шарасы Мемлекеттік әнұранның орындалуымен қорытындыланды. Салтанатты сәт Алматы гарнизонының әскери оркестрінің сүйемелдеуімен өтті.
