Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы Полиция департаменті муай-тайдан 19 жастағы әлем чемпионы Серік Әлидің өліміне байланысты егжей-тегжейлі ақпарат берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қайғылы оқиға 2024 жылдың 24 желтоқсанында Алматы қаласының Наурызбай ауданында орын алған.
Полицияның мәліметінше, күдікті мен марқұм бұрыннан таныс болған.
- Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, кейіннен қамауға алынды. Алдын ала деректерге сүйенсек, қылмысқа марқұм мен күдіктінің арасындағы жанжал себеп болған. Тергеу жалғасуда, – деп хабарлады полиция.
Марқұмның жаттықтырушысы Рамис Габитовтың айтуынша, Серік сыныптасымен жанжалдасып, соның салдарынан қайтыс болған, алайда жанжалдың нақты себебі белгісіз.
Серіктің анасы Ақмарал Табысбекқызы да күдікті мен ұлының жақын араласқанын растады.
- Олар туған бауырлардай бірге жүрді, бірге өсті. Баламды кеуде мен мойын тұсынан төрт рет пышақтаған. Төрт жерден жарақат алған, – деді ол KTK телеарнасына берген сұхбатында.