Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласының Шұғыла ықшамауданындағы Alem City 3 тұрғын үй кешенінің ауласында 7 жасар бала көлік астына түсті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқиға 2025 жылдың 11 мамыр күні күндіз орын алған. Видеожазбадан аулада екі баланың ойнап жүргені байқалады. Сол сәтте олардың бірі жолға қарай жүгіріп бара жатқанда, қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік оны қағып өтеді. Жол-көлік оқиғасы басқа балалардың көз алдында болған.
Тағы бір бейнежазбада үй терезесінен түсірілген кадрлар көрінеді: онда ересектер оқиға орнына жүгіріп келіп, жарақат алған балаға алғашқы көмек көрсетуге тырысып жатқаны анық байқалады.
Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің мәлімдеуінше, Changan маркалы автокөлік жүргізушісі аула ішінде оңтүстік бағытта қозғалып келе жатып, шығысқа қарай жолды кесіп өтпек болған баланы қағып кеткен.
- Жол-көлік оқиғасының салдарынан бала түрлі дене жарақаттарын алып, жақын маңдағы қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазір бұл оқиға бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр, – деп хабарлады полиция өкілі.
Баланы көлік қаққан сәттің видеосы әлеуметтік желілерде кең таралып, қоғамда қызу пікірталас тудырды.