Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда алаяқтардың абоненттік нөмірлерді ауыстыру үшін пайдаланатын "Sim-Box" құрылғысы анықталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қала прокуратурасының үйлестіруімен және "Қазақтелеком" мен "Кселл" компанияларының қатысуымен Полиция департаментінің Киберқылмыспен күрес басқармасы Бәйтереков көшесіндегі пәтерден Ресейдің 18 жастағы азаматын ұстады.
Тінту кезінде "Sim-Box", қазақстандық операторлардың 300-ден астам SIM-картасы және басқа да техникалар тәркіленді. Бұл құрылғы телефон қоңырауларын жаппай жасау, хабарламалар жіберу және нөмірлерді ауыстыру үшін қолданылады.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 213-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
Биыл Алматыда осындай 7 іс сотқа жолданса, төртеуі бойынша үкім шыққан. Қала прокуратурасы тұрғындарды алаяқтардан сақ болуға және күмәнді ақпарат болған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.