Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда автокөліктің салық берешегін мәжбүрлі өндіріп алу акциясы жүруде
Жаңалықтар

Алматыда автокөліктің салық берешегін мәжбүрлі өндіріп алу акциясы жүруде

18.06.2022
1 мин
0
1279

Алматыда 17 маусымнан бастап «Салық берешегі жоқ қала» акциясы басталды. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, акцияның мақсаты автокөлік иелерінен салық берешегін мәжбүрлі түрде өндіріп алу. 

Акция шеңберінде Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті қалалық полиция департаменті және жеке сот орындаушыларымен бірлесе рейдтік іс-шаралар өткізеді. 

Рейд барысында берешегі бар борышкерлердің автокөліктері «Сергек» бейнекамералары арқылы анықталып, берешек толық өтелгенше айыппұл тұрағына қойылады. 

Екі сағат жұмыс ішінде 11 млн теңге қарызы бар оннан астам көлік айыппұл тұрағына қойылды. 

«Бүгінгі күні мегаполисте көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешек 5 млрд теңгеден астам соманы құрады. Бұл ретте соманың негізгі бөлігі қозғалтқыш көлемі 4 мың текше см-ден асатын көлік иелеріне тиесілі. 

Айту керек, салық берешегін «е-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасы, Екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары, мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсында немесе 1414/3 бірыңғай байланыс орталығы арқылы тексеріп, төлеуге болады», - делінеді хабарламада. 

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті автокөлік иелерін қолайсыз жағдай мен сот орындаушылары және айыппұл тұрағының қызметіне шығынданбас үшін салық берешектерін уақытылы өтеуге шақырды.

Алимент төлемеген жағдайда не істеу керек?
2623 адам
жауапкершілікке тарту керек 0%
айыппұл салу керек 0%
әлеуметтік жұмысқа тарту керек 0%
сотқа жүгіну керек 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
304
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл