| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласында балаларды оңалту орталығының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы қаласының Алмалы аудандық Полиция басқармасы оңалту орталықтарының бірінде болған құқыққа қарсы әрекет дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Іс материалдарына сәйкес, орталық қызметкері тәрбиеленушілердің біріне қатысты заңсыз әрекет жасады деген күдікке ілінген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу органдары оқиғаның мән-жайын толық әрі объективті анықтауға бағытталған шараларды жүзеге асыруда.
Атап айтқанда, бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделеніп, куәлардан жауап алынуда. Сонымен қатар іске қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғалар тексеріліп жатыр.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған іс ведомство басшылығының ерекше бақылауына алынған. Тергеу жалғасуда.