| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда дәріге төзбейтін эпилепсияны емдеуде жаңа әдіс қолданылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы қалалық шұғыл жәрдем ауруханасының нейрохирургтері ауыр эпилепсиясы бар жас науқасқа алғаш рет кезбе жүйке стимуляторын орнатты.
Науқастың ұстамалары күнделікті қайталанып, дәстүрлі емге әсер етпеген. Операция шамамен 1,5 сағатқа созылып, сәтті өтті.
Дәрігерлердің айтуынша, енді бұл жоғары технологиялы медициналық көмек дәріге төзбейтін эпилепсиясы бар басқа пациенттерге де қолжетімді болады.