Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны таныстырылды
Мәдениет

Алматыда Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны таныстырылды

27.11.2024
мин
0
376
Сурет: ҚР ТСМ

Қытайдағы Қазақстан туризм жылының жабылуына арналған халықаралық форумда Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны таныстырылды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алматыда Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының жабылуына арналған форумға қатысушылар танымал орындаушы Димаш Құдайбергеннің "Киелі мекенім" әніне арналған жаңа клипін бірінші болып тамашалады. Туған ел туралы патриоттық композиция Қазақстанның бай табиғаты мен мәдениетін кең аудиторияға паш етеді.

"Киелі мекенім" жаңа бейнебаяны Қазақстанның көрікті жерлеріне назар аударады. Көрермендер көрнекті туристік орындарға визуалды саяхат жасай алады. Оның ішінде Шарын шатқалы, Көлсай көлдері, Ақмешіт үңгірі, Әзірет-Сұлтан мұражай-қорығы, Бозжыра шатқалы, Торыш алқабы тәрізді бірегей орындар бар. Видеода Бурабай, Катонқарағай, Алтын-Емел, Жоңғар-Алатау ұлттық парктерінің кадрлары да ұсынылған.

- Біз Димашқа елімізді шетелде дәріптеуге қосып жүрген баға жетпес үлесі үшін алғыс білдіреміз. Ол туризмнің алғашқы елшісі болып, әрбір қолайлы жағдайда шетелдік аудиторияны Қазақстанға келуге шақырады. Миллиондаған тыңдаушы Димаштың шығармашылығы арқылы біздің елмен кеңінен танысады. Жаңа бейнебаян - Қазақстанның әдемі табиғаты мен бай мәдениетінің алуан түрлілігін көрсетуге деген ортақ ұмтылысымыздың нәтижесі. Біз әлемнің түкпір-түкпіріндегі Димаштың жанкүйерлері бірегей локациялардан шабыт алып, елімізді өздері үшін ашатынына сенімдіміз, - деп атап өтті "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов.

Жаңа бейнебаян Димаштың ресми арналары мен аккаунттарында қолжетімді болады. Айта кетейік, түсірілім Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстары туризм басқармаларының, сондай-ақ "Visit Alatau" және "Open Turkistan" туристік ақпараттық орталықтарының, "Capтас" орталығының, "Air Astana" және "FlyArystan" авиакомпанияларының, "Karavansaray Turkistan" кешенінің, "Visit Aktay" және "Іntegra Construction KZ" компанияларының қолдауымен өтті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл