462.31
536.09
5.34
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда экологиялық талапқа сай емес көліктер қала орталығына кіре алмайды
Жаңалықтар

Алматыда экологиялық талапқа сай емес көліктер қала орталығына кіре алмайды

31.08.2026
мин
0
146
Сурет: zanmedia.kz

Алматыда енгізілетін төмен шығарындылар аймағында (LEZ) экологиялық талапқа сай келмейтін көліктерге қандай шара қолданылатыны белгілі болды. Сарапшының айтуынша, жүргізушіге бірден айыппұл салынбайды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алматыда төмен шығарындылар аймағы (LEZ) енгізілгеннен кейін экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін көліктерге бақылау күшейтіледі. Бұл туралы заң шығару мәселелері жөніндегі сарапшы, Алматының атмосфералық ауасын қорғау қағидаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Бұзырбаев түсіндірді.

Оның айтуынша, техникалық тексеру кезінде көліктің шығарындылары белгіленген нормативтен асып кетсе, иесіне бірден айыппұл салынбайды.

- Егер көлік экологиялық тексеруден өтпесе, оның иесіне ешқандай айыппұл салынбайды. Ақпараттық жүйеде көліктің техникалық зерттеуден өтпегені туралы белгі қойылады. Осыдан кейін оған төмен шығарындылар аймағында жүруге тыйым салынады, – деді Ерлан Бұзырбаев.

LEZ аумағының нақты шекарасы бекітілгеннен кейін бақылау арнайы камералар арқылы автоматты түрде жүргізіледі. Талапқа сай емес көлік аймақта жүрген жағдайда, бұл әкімшілік құқық бұзушылық ретінде тіркеледі.

- Егер камералар тексеруден өтпеген немесе талаптарға сәйкес келмейтін көлікті анықтаса, бұл әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады. Алғаш рет тіркелген жағдайда жүргізушіге ресми ескерту жіберіледі, – деді сарапшы.

Ал талап бұзушылық қайталанса, жүргізушіге айыппұл салынуы мүмкін.

- Бірінші рет ескерту беріледі. Егер көлік иесі талаптарды орындамай, көлікті қайтадан пайдаланса, келесі жолы әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін, – деді ол.

Сонымен қатар көлік иесіне ақауларды жойып, қайта тексеруден өтуге мүмкіндік беріледі. Тексеруден сәтті өткен жағдайда көліктің ақпараттық жүйедегі мәртебесі жаңартылады.

- Көлік барлық талаптарға сай деп танылса, оның мәртебесі өзгереді және иесі көлікті ешқандай шектеусіз әрі айыппұл қаупінсіз пайдалана алады, – деп түсіндірді Ерлан Бұзырбаев.

Осылайша, LEZ жүйесінің негізгі мақсаты – жүргізушілерді бірден жазалау емес, көліктердің техникалық жағдайын жақсартып, Алматыдағы ауа сапасын көтеруге ынталандыру.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл