Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті еріген қар көшкіні орын алуы мүмкін екендігін ескертті, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Синоптиктердің айтуынша, Алматы тауларында жауын-шашынға байланысты қардың 60 сантиметрден жоғары көтерілуі байқалады, мамандар қар көшкіні қаупінің жоғары (қызыл) деңгейін белгіледі. Кейінгі екі күнде ғана Алматы тауларында жалпы көлемі шамамен 50 мың текше метр болатын 10 қар көшкіні жүрген.
Департаменттің мәліметінше, қазір жүріп жатқан ылғалды қар көшкіні астында қалғандардың іс жүзінде тірі қалуы екіталай. Сондықтан ТЖД және «Казселқорғау» қала тұрғындарына, туристерге және мегаполис қонақтарына қатаң түрде таулы жерлерде серуендеуден бас тартуға шақырады.
Айта кетейік, қазіргі таңда «Қазселқорғау», Алматы қаласы ПД және Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері бақылау бекеттерін орнатуда. Қар көшкінінен зардап шеккендер тіркелген жоқ.
Фото: egemen.kz