Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда газ жарылды: көлік аударылып, екі адам зардап шеккен
Жаңалықтар

Алматыда газ жарылды: көлік аударылып, екі адам зардап шеккен

16.07.2025
мин
0
71
Сурет: QazaqGaz Aimaq

Алматыда газ жарылды, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Бұқар жырау бульвары бойында болған. Жарылыс салдарынан автокөлік аударылып, жол жабыны зақымдалған. Аумақ қоршауға алынған. Автокөлік жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

"QazaqGaz Aimaq" АҚ мәліметінше, 16 шілдеде орташа қысымды жаңадан салынған жерасты газ құбырын сығымдау жұмыстары кезінде, мердігер ұйым "СантехКомплектГрупп" ЖШС жүргізіп жатқан жұмыстар барысында ауа қоспасы шығып кеткен. Оқиға салдарынан жол жабыны, бір ағаш және бір автокөлік зақымданған.

- Оқиға орнына қаланың барлық тиісті апаттық қызметі жедел түрде келді. Қазіргі уақытта учаскеге тексеру жүргізіліп, оқиғаның себептері анықталып жатыр. Оқиға орны қоршауға алынған, халыққа қауіп жоқ. Қаза тапқандар жоқ, – делінген хабарламада.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл