Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысында өрт сөндіру барысында өртсөндіруші қаза тапты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқиға 25 желтоқсанда сағат 16.56-да болған. Мамандар Қарасай ауданы Көкөзек ауылындағы өртті сөндіруге шыққан.
"Қызметтік борышын атқару кезінде екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында 19-МӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Уәли Әділет Аянұлы қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жедел-тергеу тобы оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
ТЖМ қайтыс болған өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсететіндіктерін жазды.